Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әйел бақыты немен өлшенеді? Қандай әйел бақытты? Бақытты әйел атану үшін не керек? Бұл сұрақтарға жауап ретінде психолог Юлия Свияш бақытты әйелге тән он белгіні атап көрсетті. Олар қандай белгілер?
1. Ол бақыттың соңынан жүгірмейді. Бақыттың соңынан жүгіру – ең танымал әрі ең пайдасыз спорт түрі. Барлығымыз әлдеқайда жүгіреміз: жарық болашаққа, ертеңгі күнге, келесі жылға, т.т... Ал нағыз бақытты әйел «спорттың» бұл түрімен айналыспайды. Ол күнделікті өмір ағысымен еш уайымсыз сырғып отырады.
2. Ол «Өмірдің кереметі алда, болашақта» деген қағидамен емес, өмірдің әр күнінің кереметімен өмір сүреді. Ол әлденені бастау үшін дүйсенбіні, ертеңгі күнді, арықтауды не басқа да оқиғаны күтпейді. Мұның барлығы бос сылтау екенін, қашан да қолайлы жағдай туғызу тек өзіне байланысты екенін біледі.
3. Ол әйел екенін мақтан тұтады. Әйел болып туылудың өзі үлкен бақыт деп түсінеді. Ол әйел бойындағы нәзіктікті ерекше бағалайды.
4. Тым баяу, яғни өмір ағысынан бір-екі қадам артта қалып өмір сүру бұл – жай ғана тіршілік ету деп аталады. Сонымен қатар мұрнына су жетпей, күні-түні екі аяғына маза жоқ, шапқылап жүретіндер болады. Мұндайда өмір тым қызықсыз көрінеді. Бақытты әйел осыны жақсы біледі. Ол өмірдің өрнегіне сай ғұмыр кешіп, оның ағысы мен толқынын болжап біле алады.
5. Ол өзімшіл емес, қарапайым, әрі басқаларға қолдау білдіруге дайын, десе де ол өзін бірінші орынға қояды. Ол үшін өз өмірі, өз ортасы, айналысатын ісі қызықты, әрі маңызды. Ішкі түйсігі, жүрегі «жоқ» деп тұрса, ол ешқашан «иә» демейді. Әрдайым өзіне сенеді.
6. Оған елдің бағасы қажет емес. Ол әрдайым өз мақсат-міндеттерімен өмір сүреді. Оны қалай ойластыру, қалай іске асыруды өзі біледі. Егер де оның ойындағысы қалыпты стандарттан ауытқып, өзгеше болып жатса, бұған ол алаңдамайды. Оның ісін өзгелер өз қалауларынша бағалауына жол береді. Өйткені елдің бәрінің көңілінен шығу мүмкін еместігін жақсы түсінеді. Бақытты әйел не істесе де, өзгелердің оң бағасын алу үшін емес, өзіне қажет болған соң істейді.
7. Ол үлгілі болудан аулақ. Бұл оның айналасындағыларға немқұрайды қарайтынын білдірмейді. Көпшілікке «керемет» көрініп, іштей жабырқауды қаламайды. «Сырты бүтін, іші түтін» деген тәмсілді жақсы түсінеді. Сондықтан алдымен жанның жайлылығын ойлайды. Біреуге үлгі болу үшін өзін құрбандыққа шалуға дайын емес.
8. Ол «Менің өмірім оңай емес» дейтіндердің қатарынан емес. Қанша жерден шаршап, күні-түні жұмыс істеп жатса да, оны өзі үшін істейтінін жақсы түсінеді және қалай шаршағаныны айтып, ешкімге шағымданып жүгінбейді.
9. Жалғыздық – ол үшін сыйлықпен тең. Жалғыз қалғанда жабырқамау үшін ол кімді болса, соны жанына шақырудан аулақ. Бақытты әйел өзін зерттеуден жалықпайды. Жалғыздық – ол үшін терең ойға шомып, тыныштық күйге ену үшін таптырмас уақыт.
10. Ол қашан да өз табиғи жасын құрметтейді және жақсы көреді. Ол 20 жыл бұрынғы жасындағыдай көріну үшін тырыспайды. Әрине, бұл өзіне күтім жасамайды дегенді білдірмейді. Бақытты әйел қай жаста да бақытты!
Аударған: Құралай Мұратқызы
Дереккөз: supervozrast.ru