Ауыл ажарланып келеді
Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Үкіметке 2019-2021 жылдары «Ауыл-Ел Бесігі» арнайы жобасын іске асыру үшін 90 млрд теңге қарастыруды тапсырған болатын.
Қазіргі таңда елімізде ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған "Ауыл ел бесігі" жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Соның бір Бәйдібек ауданында көрініс тауып отыр. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы 7,3 шақырымды құрайтын тоғыз көшеге (Айналма жол, Б.Қарашаұлы, М.Әуезов, С.Әлжанов, Е.Шөкеев, Шәкәрім, Тәуелсіздік, Қ.Сәтбаев, Ә.Жылқышиев) аяқ жолдар құрылысы басталды. Сонымен қатар аталған көше бойларын электрмен жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп, көше шамдары орнатылуда.
Бұл нысандарға жыл соңына дейін толық жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілетін болады.
Осылайша «Ауыл – ел бесігі» жобасы ауылдарға көрік беріп, халықты қуантуда.