Инклюзивті білім беретін мектептер көбейген

Oinet.kz 16-10-2019 765

Screenshot_25.jpg

Түркістанда инклюзивті бағытта білім беретін мекемелердің саны артты. Жақында қаладағы екі бірдей мектепте ерекше балаларға арналған сыныптар ашылды. Онда бүлдіршіндер психолог пен дефектолог және логопед сияқты мамандардармен жеке жұмыс істейді. Ал білімді өзге балалармен бірге алады. Бұл олардың қоғамға тез бейімділіп кетуіне көмектеседі. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің жұмыс тобының Түркістан қаласында өткен кеңейтілген отырысында айтылды. Жалпы бүгінгі таңда облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі 1084 бала бар. 19 мектепте инклюзивті бағыттағы білім беретін сыныптар ашылған. Онда 217 оқушы басқа балалармен теңдей дәрежеде білім алып жатыр.

Айта кетейік, инклюзивті білім беру әр балаға оның мектепте оқу көрсеткіштеріне сәйкес немесе сәйкес еместігіне қарамастан, білім алуға құқық береді. Балалар ұжымда өзара байланысқа түсіп, қарым-қатынас ережелерін меңгереді, педагогпен бірге шығармашылық тұрғыдан білім алу мәселелерін шешуге үйренеді. Сенімділікпен айтуға болатыны, инклюзивті білім беру барлық балалардың жекетұлғалық мүмкіндіктерін кеңейтеді, адамгершілік, толеранттылық, көмекке келу қасиеттерін қалыптастыруға, дамытуға жағдай жасайды.


 


99,7 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілген
Ауыл ажарланып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу