Спорт сенің серігің

Oinet.kz 14-10-2019 686

Screenshot_22.jpg

«Жастар» жылында жасарға көптеген қолдаулар көрсетіліп, түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осы орайда  Келес ауданы "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің ұйымдастыруымен 2019 жыл "Жастар жылы" аясында және "Nur Otan" партиясының 20 жылдығына орай жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды отансүйгіштік-патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында "Спорт сенің серігің" атты тақырыбында аудан әкімдігіне қарасты мекемелер арасында волейболдан аудандық жарыс ұйымдастырды. Жарысқа аудандық мекемелер қатарында Халыққа қызмет көрсету орталығы, №13 Колледж, АІІБ полиция бөлімі, Келес ауданы "Абай" ауруханасы, халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, № 1 БЖСМ, № 2 БЖСМ және аудандық Жастар орталығы командалары қатысты. Сайыс өте тартысты және қызықты өтті. Жарысқа белсене қатысқан жастарға үздік шабуылшы,үйлестіруші, либера сынды номинациялар беріліп бағалы сыйлықтар табысталды. Жүлделі 3-орынды №13 Колледж командасы, 2-орынды халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымы, ал бірінші орынды №2 БЖСМ командасы иеленді. Жүлделі орын алған командалар мен номинация алған ойыншыларға аудан әкімінің атынан арнайы мадақтама және сыйлықтары табысталды.


Құрылыс партия бақылауында
Батырын таныған ұл қор болмас
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу