Израилдік инвесторлармен байланыс тығыз

Oinet.kz 14-10-2019 671

Screenshot_16.jpg    

Түркістан облысы бүгінде өңірді дамыту үшін инвесторлармен тығыз жұмыс жасауда. Әсіресе облысқа шетелдік инвесторлардың қызығушылығы жоғары. 

Осы орайда  Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен израилдік инвесторлармен және «BS-Agro Produst» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері арасында тәлім егістікте суды қажет етпейтін бақша дақылын егу мәселесі бойынша кездесу өтті. Аймақ басшысы қазақстандық «BS-Agro Produst» компания басшылары мен құрылтайшылары және Израиль елінен келген инвесторлар мен ауыл шарушылығы саласының майталмандарымен өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамыту және әріптестік таныту жайын талқылады. Облыс басшысы суды қажет етпейтін бақша дақылын егуді Ордабасы ауданы, Тоқсансай ауылында жүзеге асыру тиімді де қолайлы екендігін атап өтті. Шетелдік инвесторлар бұл салада өз үлестерін қосатындығын, әріптестік танытуға дайын екендігін жеткізді. Бүгінде «BS-Agro Produst»ЖШС-гі 130 гектар жерге жаңатехнологиямен суғарусыз әдісі арқылы қарбыз егумен айналысуда. Қарқынды жобасын 2020 жылы қосымша 700 гектар жерде іске асыруды көздеп отыр. Шаруа қожалығы сонымен қатар қарбыз, гүл, жүгері, ноқат егумен айналысады. Кәсіпорын 2013 жылдыңқараша айында іске қосылған. Биыл олар 130 гектар жерге қарбыз егіп, жалпы көлемі 40 тонна қарбыз дәнін жинап алуды жоспарланып отыр. Дәл осы тәсілмен егілген қарбыздың дәні шетелдік косметология саласында үлкен сұранысқа ие.


Түркістанның спортшылары жарап тұр
Технология кесенеге де жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу