Түркістанның спортшылары жарап тұр

Oinet.kz 14-10-2019 568

Screenshot_15.jpg

Түркістанның топырағынан шыққан чемпиондарды санай берсек бүгілген саусақ жетпейді. Жасындай жарқ еткен Бекзаттың өзі жергілікті спортшылардың мықтылығын дәлелдеп кеткен жоқ па. Бүгінде сол чемпиондардың ізін жалғастырып келе жатқан испортшылар баршылық. Олардың біразы әлемдік додадарда топ жарып, көк туымызды желбіретіп жүр. Жақында облыс әкімі Ө.Шөкеев осындай жас дарындыларды қабылдады. 

 Нақтырақ айтақанда өңір басшысы  Екатеринбург қаласында өткен бокстан әлем чемпионатының және Ақтөбе қаласында өткен ұлттық спорт түрлері сайысының жеңімпаздары мен олардың бапкерлерімен жүздесіп, оларды жеңістерімен құттықтады. Аймақ басшысы Түркістан облысының ғана емес, күллі қазақ елінің намысын қорғап, көк байрағымызды желбіретін жүрген жас чемпиондар, бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов, бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев, жамбы атудан әлем чемпионы Ералхан Айкөз және самбодан бес дүркін Азия жеңімпазы Айжан Жылқыбаеваға сый – құрмет көрсетті.Сондай- ақ облысымызда спортты дамытуда алда үлкен жоспарлардың бар екендігін де атап өтті.

«Спорт саласына барынша қолдау көрсетеміз. Қазақ халқының даңқын асқақтатуда атқарып жүрген тынымсыз еңбектеріңізді өз басым жақсы білемін, түсінемін. Жастарды жаппай спортқа баулуды қолға алу керек. Бұл мақсатта өңірде Олимпиадалық резервтегі мектеп, стадион, теннис алаңы мен ипподром құрылысы қолға алынады. Қазақстан спортының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келе жатқан жанашыр азаматтардың еңбектері орасан», -деді Өмірзақ Шөкеев.

Спорт шеберлері де облыс әкімінің қолдауына ризашылықтарын білдіріп, Ақтөбе қаласында өткен ұлттық спорт түрлерінен сайысында топ жарып, жеңіп алған бас жүлде - кубокты тарту етті. Биыл төртжылдықтың басты спорт додасы - Токио олимпиадасының лицензиялық турнирлері өтетін жауапты жыл. 2020 жылы кезекті жазғы олимпиада ойындарының алауы Жапонияның астанасында жанады. Өмірзақ Естайұлы спортшыларымызға сол халықаралық турнирлерде ақ жол тіледі.


Шөкеевке төсбелгі тақты
Израилдік инвесторлармен байланыс тығыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу