Жарымжан жандардың көңілін жадыратты

Oinet.kz 12-10-2019 800

Screenshot_2.jpg

Қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Сарыағаш ауданы кәсіпкерлерінің демеушілігімен «Сүндет ата» мейрамханасында дастархан жайылып, сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, мерекелік шарада мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдарының көрмесі ұсынылды. Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Полатов сөз алып – атаулы күн қарсаңында көңілі жарым жандардың дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілей отырып, қандай қиындық болса да мойымай, алдағы уақыттарда жақсылықтардың ғана куәсі болыңыздар деп ізгі ниеттірін білдіріп, мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілік жасаған азаматтарды аудан әкімінің және аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарымен марапаттады. Мерекелік іс-шара соңы концерттік бағдарламамен үйлесімін тапты.

Сондай-ақ аудан көлемінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны - 1111 болса, оның ішінде 228 бала үйде арнаулы әлеуметтік қызметпен, 810 бала мүгедек гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде. 208 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға сауықтыру орталықтарына жолдама беріліп, жүріп тұруы қиын I-топтағы 58 мүгедекке инваташ қызметі және 107 мүгедек жандарға әлеуметтік такси қызметі ұсынылуда.


Параның түбі қорлық екенін түсіндірді
Марафонды қабылдап алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу