Сыбайластық қауіпті індет

Oinet.kz 05-10-2019 618

Screenshot_9.jpg

Жемқорлық жайлаған мемлекет ешқашанда гүлдемейді. Сондықтан оны түп-тамырымен жою керек. Осы мақсатта елімізде құрылған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар өткізіп, сыбайластықтың үлкен індет екенін ұғындыруда. 

Таяуда аталмыш агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы және «Түркістан Адалдық Алаңы» жобалық кеңсенің инспекторы Тұңғышбаев Ерұлан екі топқа бөлініп Қазығұрт ауданындағыполиция бөлімі, төтенше жағдайлар басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, ХҚКО, сот,медицина қызметкерлері,мектеп директорлары, кәсіпкерлер, ауыл округі әкімдері және аудандық мәслихат депутаттарымен жүздесіп, оларға жемқорлық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Адалдық құндылығы аясында өткен шарада Е.Тұңғышбаев ашық қоғамды қалыптастырудың артықшылықтарын сөз етті.Кездесу барысында қоғам кеселімен күресуде белсенді болуға шақырып, жемқорлық көріністерінің залалын түсіндірді.

Жиын барысында қызметтік құзіреттілігін асыра пайдаланып, парақорлық фактілеріне жол берген азаматтар ҚР Қылмыстық Кодексімен жауапкершілікке тартылатыны және қызмет бабында сыйлық алуға және сыйлық беруге болмайтыны ескертілді.

Кездесуде жиынға қатысушылар топ басшыларына бірқатар сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.



Үй жануарларына төнген қауіп жоқ
Спорттық шара мерейтойға арналды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу