Кітапханашылар сайысты

Oinet.kz 28-09-2019 764

Screenshot_5.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында «Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл - ең алдымен кітапхана, музей мен театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлдем көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе, жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды", - деген  болатын. 

   Осы орайда Созақ аудандық орталық және балалар кітапханаларының ұйымдастыруымен кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау,жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін енгізуге ықпал ету,кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ауылдық кітапханашылар арасында Қыземшек кентінде "Кәсіби кітапханашы:іскерлік және жаңашылдық" атты аймақтық байқау өткізілді. Ауылдық кітапханалар 4 аймаққа бөлінген,әр аймақта 5 кітапханашыдан топтастырылған. 4 аймақтан ерекшеленген 4 жеңімпаз аудандық байқауға жолдама алады. 1 аймақтың Қыземшек, Тасты, Шу, Жуантөбе ауылдық кітапханашылары байқаудың шарттары бойынша сынға түсті. Кітапханашылар "Мен оқыған кітап" тақырыбында буктрейлер ұсынды. "Қызықты ,тартымды,жаңашыл" жаңа форматта шағын іс шара көрсету шартында кітапханашылар өз идеяларымен бөлісті.


Солтүстікке көшіп барғандардың өмірімен танысты
Мектепке Н.Төреқұловтың есімі берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу