«Ұлтының ұлы тұлғасы»
Қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туылғанына биыл 125 жыл толып отыр. Білікті ұстаз, ғалым, публицисттің мерейтойы Түркістан облысында кеңінен атап өтілуде.
Жақында Жетісай ауданы "С.Қожанов атындағы №42 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Сұлтанбек Қожановтың туылғанына 125 жыл толуына орай "Ұлтының ұлы тұлғасы" атты салтантты жиын болып өтті. Жиынға Жетісай ауданы білім бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев, "Тұрсынай ана" мешітінің бас имамы Алдабергенов Нұрлан, Ш.Ділдәбеков ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Жамбулов Еркін, Жетісай аудандық білім бөлімінің тәрбие саласының бас маманы Райымбекова Нұрсұлу, ардагер ұстаздар Ақылбеков Құдайберген Шайдозова Мүбарак және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Жиынға келген қонақтар құттықтау сөз арнап, Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. "Бекет" газетінің бас редакторы Сафуан Утебаев "Алпамыс батыр" қоғамдық қорының атынан мектеп директоры Жунисов Арап Шайымұлына С.Қожанов 125 жыл атты естелік төс белгісін табыс етті. "Тұрсынай ана" мешітінің бас имамы Алдабергенов Нұрлан мырза "Ұлтының ұлы тұлғасы" бола білген Сұлтанбек Қожановтың аруағына арнап құран бағыштады. Жиын соңы мектеп АКТ залындағы "Ұлтының ұлы тұлғасы" атты әдеби-танымдық кешке ұласты.