Белсенді жастар көп

Oinet.kz 27-09-2019 597

Screenshot_7.jpg

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты Отырар ауданында жастарға ерекше көңіл бөлініп, оларды қолдау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудан жастары мемлекеттік бағдарламаларға белсене қатысып, жұмыссыз жастардың қатары біршама азайған. Атап айтқанда "Жасыл ел" еңбек жасақтары мемлекеттік бағдарламасы бойынша 65 жас жұмыспен қамтылған. Бұл туралы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Д.Ақсақалов қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 2019 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары мен жастар саясаты бойынша қордаланған мәселелер бойынша жасаған  баяндамасында мәлімдеді. 

 Сондай-ақ, "Жас кәсіпкер", "Серпін", "Дипломмен ауылға", "Жастар практикасы" секілді мемлекеттік бағдарламаларға қатысқан аудан жастарының саны артқанын айта кету керек. Сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мен оларға қолдау көрсету, түрлі салалар бойынша бағыт-бағдар бере отырып, шыңдалуына жол ашу мақсатында мәдениет, білім, спорт салаларынан түрлі үйірмелер жұмыс жасап келеді.


Келестің аграрлық әлеуеті артты
Жетісайда 450 теңгелік аяқ киім тігіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу