Жанның тыныштығын қалай сезінуге болады?

Oinet.kz 27-02-2019 1327

789-1476222799-8e86108564.jpg

Жан дүниеміздің сырқырап, жанымызға батқан күні әлемнің құшағында жалғыз қалғандай сезінеміз. Бәрінен түңіліп, біреумен сөйлесуге құлқымыз болмай, жанның тыныштығын қалаймыз. Басты себеп неде?

Неге біз осы өмірдің қиындықтарынан қиналамыз, өзіміз жетістікке жете алмасақ, бақытты бола алмасақ, өзгелердің бақытын қызғанамыз? Өмір деген шахмат тақтасы секілді, тек өз жеңісіңізді жіберіп алмасаңыз болғаны.

Жанның тыныштығын сезінгіңіз келсе, психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар:

  • Өзгеден қате іздегенше, өзіңіздің қай жерден қате кеткеніңді бағамдаңыз.

  • Жанның тыныштығы дегеніміз – өзгелерге бақыт пен қуаныш сыйлай білу.

  • Әр сәтті өзіңіз бақытты етуге тырысыңыз.

  • Неге қызықсаңыз, сонымен айналысуға тырысыңыз.

  • Көңілді жүргіңіз келсе, жақындарыңызға жақсы сөз айтыңыз.

  • Күлімдеуге себеп іздемеңіз, күлімдеуді жабыққан жандарға үйретіңіз.

  • Өзгеден қамқорлық күтпеңіз, өзіңіз жасаңыз.

  • Махаббаттан көңіліңіз жиі қалса, «Сүйгенді сүй, сүймегенге жалынба» деген сөз есіңізде болсын.

  • Таза ауада ойыңызды жинақтауға тырысыңыз.

  • Әсем әуенмен бірге ән айтыңыз.

  • Адамдармен ерекше көңіл күймен амандасыңыз.

  • Күнделік жазыңыз.

  • Аспандағы жұлдыздарға қарап, өзіңізді биік жұлдызға теңеңіз.

  • Жарқын жүрек, жарқын жүз әр жанға қуаныш сыйлайды.

  • Әлеуметтік желіде көп отырмауға тырысыңыз, әркімнің өміріне қызығып, әркімнің өміріне қол сұға бермеңіз.

  • Көреалмаушылықтан көзіңіз байланса, өзіңізді жақсымын деп ойламаңыз.

  • Өзіңізге не тілесеңіз, адамдарға да соны тілеңіз. Сонда ғана өмірден рахат таба білесіз.

  • Өзгенің бақытын қызғанудан адам тез қартаятынын білесіз бе?

  • Дұрыс ойлап, дұрыс қадамдар жасасаңыз ғана жаныңызды тыныштыққа бөлеуге болады.

Дайындаған: Балжан Нұрғалиқызы Қанапияева, ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог

Дереккөз : anabol.kz


Өмірлік мәні бар тәмсіл
ТЕСТ: Адамдармен араласа аласыз ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу