Күдебаевтың өліміне қатысты іске Ішкі істер министрі пікір білдірді
Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты іске ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдірді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ең алдымен Ішкі істер министрлігі де, Серік Күдебаевтың ұлы жұмыс істеген прокуратура да тергеу амалдарын жүргізген жоқ. Тергеуді үшінші орган жүргізді. Ол – Экономикалық тергеу қызметі. Министрлік тарапынан да, прокуратура тарапынан да ешқандай қысым болған жоқ. Аталған орган бұл шешімді өзі қабылдады. Ал санкцияны барлық уақытта да тек қана сот береді», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Алматы қалалық соты Қанат Тезекбаевқа қатысты апелляциялық сот ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде қолхат алу түріндегі жаңа шара қолданылғанын айтты.
25 қыркүйекте тергеу сотының қаулысымен Асқар Тұңғышбаев қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу шарасына өзгертілді.