Қазақстандық жүз адам мемлекетке 286 миллион теңге қарыз

Oinet.kz 30-09-2019 1053

Картинки по запросу салық қарыз

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеуден жалтарып жүрген 100 адамның Борышкерлердің жалпы қарызы 286 019 395 теңгені құрап отыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мәселен, салық бойынша ең көп берешегі бар азамат Қарағанды облысында тұрады. Асқар Нәбиевтің жер салығы бойынша негізгі борыш сомасы 37 163 849 теңге, есептелген өсімпұлы - 28 192 533 теңге. Жалпы қарызы 65 356 383 теңге», - дейді салық комитетінің мамандары.

Қазақстанда өсімпұл сомасы негізгі борыштан асып кеткен азаматтар да бар. Ондай азаматтардың біреуі Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Елорда тұрғыны Талғатбек Ілиясовтың жер салығы бойынша жалпы берешек сомасы 19 050 875 теңгеге жеткен. Соның ішінде негізгі борышы - 8 685 027 теңге, өсімпұлы - 10 365 848 тенге.

«Көлік салығы бойынша борышкерлер тізімін тағы да Қарағанды облысы бастап отыр. Фадис Мұстақымов бұл салық түрі бойынша жалпы 6 081 323 теңге қарыз жинаған. Оның төлеуге жататын негізгі сомасы - 4 059 318 теңге, есептелген өсімпұлы - 2 022 005 теңге», - делінген ресми ақпаратта.

Ал кейбір қазақстандықтар мүлік салығы бойынша біраз қарыз жинап үлгерген. Мысалы, Жамбыл облысының тұрғыны Ерлан Тоқсанбаевтың жалпы берешек сомасы 576 191 теңге, оның ішінде негізгі борышы - 335 811 теңге, өсімпұл - 240 380 теңге.

Өмірзақ Шөкеев: «Аз уақытта тұтас бір қаланы қайта тұрғызу тарихта болмаған»
Назарбаев: «Томирис пен Шыңғыс хан қазақ болған» деген әңгімелерді естігенде ішім ашиды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу