Қызғаныштан әйелін атып өлтірді

Oinet.kz 12-09-2019 1339

o_36118_13745544851.jpg

Мәскеуде ер азамат әйелін ТТ тапаншасымен атып өлтірген. Оған ер азаматтың қызғанышы себеп болған. Оқиға 12 қыркүйекте таңғы уақытта орын алған. Мәскеудің солтүстік-батысында тұратын 39 жастағы Нана Цхададзе жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Қызғанышпен оқ атқан күйеуі жедел жәрдемді өзі шақырған. Бұл әрекетін ол:

«Мен әйелімді өте қатты жақсы көрдім. Бұл қадамға мен оны қызғанғандықтан бардым», - деп түсіндірген.

Ерлі-зайыпты тұратын пәтерлерін осыдан жарты жыл бұрын ғана сатып алған екен.

Мұхтар Тайжан: «Олар тек мемлекеттің ақшасын жеп жатыр»
Абаев: "Біз президентіміздің қытай тілін білетінін мақтан тұтуымыз қажет"
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу