Түркия Иранға қатысты қақтығысты тоқтатуға үндеді

Oinet.kz 02-03-2026

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесіп, Иранға жасалған шабуылдар мен одан кейінгі қақтығыс барысын талқылады, деп хабарлайды Оinet.kz порталы  Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

image.png

Түркия президентінің кеңсесі таратқан мәліметке сәйкес, Ердоған Анкараның Иранға қатысты бейбіт үдерісті қолдауға дайын екенін мәлімдеген.

Президент Ердоған Түркия барлық тарапты дипломатия мен келіссөздерге қайта оралуға шақыратынын және бейбіт процеске жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Түркия басшысы дағдарысты реттеу мәселесінде Түркия мен Еуроодақ арасындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өткен.

Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға соққы жасай бастады. Салдарынан қираулар болып, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бары хабарланды. Иран жауап ретінде Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарға соққы жасауда.

АҚШ пен Иран арасындағы «ядролық құжаттар жинағы» бойынша келіссөздер 26 ақпанда Женевада өткеніне қарамастан, шабуылдар тоқтатылмады. Соңғы деректерге сәйкес, Иранның жоғарғы жетекшісі Али Хаменеи қаза тапқан. Елде 40 күндік аза жарияланған. 

Трамп: Иранға қарсы операция төрт апта немесе одан да аз уақытты алады
Тоқаев БАӘ шейхымен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу