Тоқаев Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынды

Oinet.kz 20-02-2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің отырысында Дональд Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

image.png

"Сонымен қатар Бейбітшілік кеңесі аясында президент Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынамын. Бұл – оның бейбітшілікті ілгерілету ісіндегі ғаламат жетістіктеріне көрсеткен құрметіміз болмақ. Сіздің тегеурінді әрі көреген басшылығыңызбен Кеңес өзінің тарихи ізгі миссиясын абыроймен атқаратынына сенімдімін", – деді мемлекет басшысы.Өз кезегінде Дональд Трамп Газадағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қалпына келтіру ісіне атсалысқаны үшін Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Мәулен Әшімбаев вице-президент бола ма?
Трамп Қазақстанды керемет әрі бай ел ретінде сипаттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу