Қызметкерлер кофе ішіп, бос әңгіме айтып жүрген жоқ: «Бәйтерек» басшысы Тоқаевтың сынына жауап берді

Oinet.kz 17-02-2026

Үкіметтегі брифинг барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компаниялар қызметкерлеріне қатысты айтқан сынына байланысты пікір білдірді, деп хабарлады Оinet.kz.

image.png

Бұған дейін мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық компаниялар мен «Самұрық-Қазына» қоры құрылымында басқарушы кадрлар саны шамадан тыс екенін айтып, кейбір қызметкерлердің жұмыс орнына қарағанда бос әңгіме мен әлеуметтік желіге уақыт бөлетінін сынға алған еді. Президент мұндай үрдіс тиімділікке кері әсер ететінін ескерткен.

Ал «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі басшысы өз ұжымында мұндай жағдай тіркелмегенін айтты. Оның сөзінше, холдинг қызметкерлері тұрақты түрде жұмыс процесіне тартылған, тіпті кей кездері қосымша жүктемемен еңбек етеді.

«Біздің қызметкерлердің бос отырып, кофе ішіп уақыт өткізіп жүргенін көрген емеспін. Керісінше, жүктеме жоғары. Нәтиже бар», – деді Қарағойшин.

Сондай-ақ ол жұмыс барысын жеке бақылауда ұстайтынын және үнемі кеңседе болатынын атап өтті.

Қамшыбек Тәшиев Қырғызстаннан кетті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу