Рүстем Әшетаевтың ісі сотта қаралып жатыр

Oinet.kz 05-02-2026

 532461715_1822158705379751_4110959126854790684_n.jpg

Түркістан қаласының ауданаралық сотында былтыр жергілікті кәсіпкерді бопсалады деген күдікпен ұсталған блогер, Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің бұрынғы мүшесі Рүстем Әшетаевтың ісі қаралып жатыр.

Аталған соттың шығарған қаулыларына қарағанда, Р.Әшетаевқа Қылмыстық кодекстің  194-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен (ірі мөлшерде қорқытып алу)  айып тағылған. Бұл айып бойынша мүлкін тәркілей отырып 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Рүстем Әшетаевты полиция былтыр тамызда ұстаған болатын. Сол кезде Түркістан облыстық Полиция департаментінің таратқан ақпаратына  қарағанда, ол  «абыройыңа нұқсан келтіретін ақпаратты әлеуметтік желіде жариялаймын» деп қорқытып, кәсіпкерден алғашында 2 мың доллар алған.

Кейін блогер жәбірленушіге қайта хабарласып, тағы 4 миллион теңге талап еткен.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Әшетаевты Сайрам ауданындағы кафелердің бірінде кезекті рет ақша алып жатқан сәтінде қолға түсірген. Ұстау кезінде одан жалпы сомасы 6900 АҚШ доллары тәркіленгені айтылған болатын.


Атышулы Эпштейн ісіне қатысты Қазақстанда тексерулер жүргізіле ме?
«Бәрін ауыстыру керек». Сыздықбеков полицейлерге ескерту жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу