Шардараны ауыз сумен қамту қиын жағдайда тұр

Oinet.kz 05-08-2025 43

527173220_2400552127013805_5948209113734917801_n.jpg 

Шардара қаласын ауыз сумен қамту шаралары өте қиын жағдайда тұр. Шардара аудандық әкімдігі халыққа мынандай ақпарат таратты:    

«Шардара қаласының тұрғындары аудан құрылғалы ауыз суды су қоймасынан, яғни ашық су айдынынан тұтынады. Қалада 85 көпқабатты тұрғын үй, 1 687 жеке пәтер бар. Қала халқы ауыз сумен тәулігіне 10-12 мың м³ көлемінде тұтынады. Қазіргі таңда Шардара су қоймасындағы су мөлшерінің шамадан тыс азаюына байланысты қала тұрғындарына толық көлемде су жеткізіп беру мүмкіндігі уақытша болмай тұр. Алайда, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 2025 жылдың 04 тамыз күнінен бастап, ауыз су тапшылығының алдын алу мақсатында бас су торабын баламалы су көзімен толтыру үшін, бас су торабынан 1,5 шақырым жерде тереңдігі 80-100 метрді құрайтын 2 дана ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 1 ұңғыманың қазу жұмыстары аяқталып, ұнғыманы шаю жұмыстары жүргізілуде.  Нәтижесінде, ұңғымаларға су сорғылар (насос) орнатылып, тәулігіне 3 120 текше метр су алу көзделіп отыр. Су қоймаға пантон орнатылып, үстіне тәулігіне 85 көпқабатты үй мен жеке үйлерді қамтитын 2 дана су сорғы (насос F1250) орнатылып, бас су торабына қосу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар атқарылып біткенге дейін қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін көпқабатты тұрғын үйлерде белгіленген арнайы орындарға 25 дана су жинау ыдыстары (емкость) орнатылды. Әрбір су жинау ыдыстарына кезекшілік бекітілді. Су ыдыстарына тұрақты түрде су тасымалданып, үздіксіз толтырылып отырады. Бұл ыдыстарды тұрақты ауыз сумен толтыру үшін 10 арнайы көлік (водовоз) су тасымалдау үшін тартылды. Қаланың бас су торабына су қоймадан су тарту үшін қазіргі таңда қосымша су сорғы (насос) орнатылып, қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Құрметті қала тұрғындары!

Орын алған мәселенің таяу арада шешілетінін ескере отырып, жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Шардара су қоймасында апта соңына қарай су мөлшері көбейеді деп жоспарлануда».

 


Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу