Сауран ауданының ветеринарлары субсидияны жымқырған

Oinet.kz 26-05-2025 92

1630483310_5eb393ee74629565794153-1440x810-1-1440x810.jpg

Түркістан облысының прокуратурасы "Сауран ауданының ветеринария бөлімі" ММ ветеринариялық станциясының қызметкерлеріне қатысты мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бөлінген аса ірі мөлшерде мемлекеттік қаражатты жымқыру арқылы алаяқтық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында Оранғай, Жаңа Иқан ауылдық округтерінің ветеринарлары мен ветеринарлық бекеттің меңгерушісі «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» деректер базасына 31 шаруа қожалығында іс жүзінде жоқ малдың (ұсақ және ірі қара) бар екендігі туралы жалған мәліметтерді енгізіп, жалпы сомасы 271 млн теңге субсидияны жымқырғаны анықталды.

Облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы №41590 облыстық әскери бөлімінің 1 қызметкерін, 3 мал дәрігерін және 1 меңгерушіні күдікті ретінде таныған.

Күдіктілер 19 миллион теңге көлемінде келтірілген залалды ішінара өтеп, сонымен қатар олардың 120 миллион теңге болатын мүліктеріне тыйым салынды.

Қазіргі таңда сот процесі жүріп жатыр. 

 


«Қаңтардан кейінгі Алматы»: Ерболат Досаев несімен есте қалды
Жарты жылға жетпей қызмет ауыстыру. Оның астарында не жатыр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу