Е.Тұрсынов: Жымқыруға қатысым болса, баяғыда сотталып кететін едім

Oinet.kz 23-05-2025 43

Screenshot_2.png 

Елден кетіп қалған Тұрсынов антикордың "аңдуына" қатысты мәлімдеме жасады Тұрсынов соңғы 2-3 айда өзіне қарсы ақпараттық шабуылдар күшейгенін атап өтті. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады.

Оның айтуынша, "әшкерелеу" материалдары авторсыз жарияланып жатыр. Аноним мәтіндерде фильм түсіру кезінде мемлекет қаржысын жымқыру туралы, сондай-ақ режиссер мемлекеттік қаржыға түсіруге тиіс болған «Бесмойнак» фильмі мүлде таспаланбағаны жайлы жазылған.

 – Егер тексергісі келсе, тексере берсін. Мен оған араласпаймын. Бірақ қанша жыл тексеруге болады? Егер шынымен ақша жымқыруға қатысым болса, баяғыда сотталып кететін едім. Олар (Антикор) не іздеп жүргенін білмеймін. Оның үстіне, егер фильм мемлекет қаржысына түсірілсе, бұл – «Қазақфильмнің» шаруасы. Мені режиссер ретінде жалдайды, түсірілім тобы жинақталады. Түсірілім біткен соң, мен картинаны «Қазақфильмге» тапсырамын. Одан кейін фильмді сата ма, прокатқа шығара ма – ол менің шаруам емес, – деді Тұрсынов.


Өзбекстан шекарасынан өту тәртібі жеңілдейді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу