Сатыбалды—басқарма басшысы
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жақын күндері тағы бір басқарманың басшысын жаңартпақ. Мемлекеттің сатып алу басқармасының басшысы болып Ақәділ Сатыбалды тағайындалады. Аталған кадрді осы лауазымға тағайындау жөнінде конкурстық комиссияның шешімі шығып қойды.
Сатыбалды Ақәділ Болатұлы 1987 жылы 17 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Тасты ауылында дүниеге келген. 2009 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын құқықтану, 2018 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономика мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2010 жылғы 23 ақпаннан бастап Созақ аудандық білім бөлімінің жетекші маманы, Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Созақ ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас инспекторы, Созақ ауданы әкімі аппараты персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы, Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, Созақ ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Биыл ақпанда ол ротациялық тәртіппен Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.