Қарттар үйінен пана тапқан қариялар көбеюде - Олардың 90 пайызы қазақтар

Oinet.kz 06-03-2025 91

Мәжілістегі «Ауыл партиясы» фракциясы депутаттарының Үкіметке жолдаған депутаттық сауалына қарағанда, 2023 жылдың соңында елімізде қарттар мен мүгедектер үйлері 51 бірлікті құраған. 

Screenshot_14.jpg

Оның 43-і - мемлекеттік, 7-еуі жеке. Бір орталық шетелдік жеке тұлғаның меншігінде. 

- Қарттар мен мүгедектер үйлерінің ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында 11 үй орналасқан, оның 6-уы мемлекеттік және 5 үй жеке меншікте. Шымкент, Алматы, Атырау қалаларында, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында бір-бірден. Ресми мәліметтер бойынша 2023 жылы Қазақстанның қарттар және мүгедектер үйлерінде тұратын азаматтар саны 6 824 адамды құрады. Оның 950-і Астанада, 905 адам Шығыс Қазақстанда. Және жыл сайын өсуде. Бұл алаңдататын дүние. Бастапқыда үй-күйі жоқ қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау негізінде құрылған мекемелер ержеткенде дем берер ұлы бар ақсақалдың, қартайғанда тілекші болар қызы бар кейуананың мекеніне айналар ма еді? Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Тіпті сонау соғыс жылдарында салынбаған жетімдер үйі мен қарттар үйі бүгінгі мына бейбіт заманда бой көтерді. Сонау 90 шы жылдары еліміз тәуелсіздікті жаңа алып, дүкен сөрелері бос болған уақытта да қарттар үйіндегі қаракөз қариялар бірен сараң ғана болса, бүгінде 90 пайызы қазақ ұлтынан. «Қарттар үйі қара шаңырақ па еді?» Неге зейнетақы алатын күні қарттар үйінің алдында қымбат автокөліктер пайда болады? Не себепті ата аналарын қарттар үйіне тапсырады? Әлде ерлі-зайыптылар арасына ата ана артық болдыма, әлде жасы жеткен мүгедек қарияға қарау қиындық тудырдыма, болмаса жұмысының жүктемесі ауыр болды ма екен? Бірақ сол ата анасы кішкентай кезінде қандай қиындық болса да баласын тастамады ғой. Қазақстан Республикасының Неке, ерлі-зайыптылық және отбасы туралы кодексінің «Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттерінің» 145 ші-бабы 1ші бөлімінде «Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті», және «Балаларынан алимент өндіріп алуға құқылы, ол сот тәртібімен алынады» делінген. Ия, жақсы, орынды баптар. Бірақ бұл бап орындалып жатқан жоқ, себебі еш бір кейуана өз баласына шағым түсірмейді, еш бір ата-ана алимент өндіруге не денсаулығы не намысы жібермейді. Сол себепті бұл бап орындалмайды. Сондықтан, ата анасын қарттар үйіне тапсырған, қараусыз қалдырған балалар, ата аналарының есеп-шотына тапқан жалақысының 50 пайызын мөлшерлеп міндеттеу керек. Әрине, бұл қаражат ата-анаға деген құрметке тең келмейді, дегенмен материалдық өтеуі болуы керек. Сонымен қатар 70 жастан асқан қариялардың атында жылжымайтын мүлкі болса, өлер өлгенше басқа адамның атына рәсімдеуге тиым салуымыз керек. Қазақ «Әке шешең жынды болса байлап бақ, бірақ тастама» деген. Қартайып қызық көрер шағында, қарияларымызды қаңғытпай, аялауымыз керек. Бұл әр азаматқа қатысты. Ата анасын қадірлемеген адам, өзінің тіліне, ұлтына, еліне, жеріне,мемлекетке жаны ашитын адам болуы мүмкін емес. Осыны естен шығармайық, - делінген депутаттар жолдаған хатында. 

Олжас Бектенов: «BI Group міндетін адал атқармайды»
«Айта, айта мақтаны» - Шаруалардың мұң-мұқтажын бұл жолы сенаторлар көтерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу