Қорықпа Сыздықбеков, артыңда Президент тұр!

Oinet.kz 29-01-2025 160

Кешегі күні Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Шымкентте заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстарына қолдау білдірді. 

Screenshot_1.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз салынған нысандарды бұзған мемлекеттік органдардың әрекеті сынға ұшырайтынын, алайда одан қорқудың қажеті жоқ екендігін ескертті. Өйткені бұл жұмыстар заңға сәйкес жасалып жатыр. Бірақ Президент сонымен бірге халықтың да пікірімен санасып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

Әкімдерді тікелей сайлаудың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты – сайланатын басшылар пайда болды. Оларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесі өте өзекті болып тұр. Жиында Президент бұл мәселені де көтерді.

Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін тұтас мемлекеттік аппарат тиімді жұмыс істеуі керек. Әкімдерді тікелей сайлаудың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты – сайланатын басшылар пайда болды. Бұл – екі жарым мыңнан астам басшы лауазымындағы қызметкер деген сөз. Олардың арасында бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген азаматтар, соның ішінде жастар көп. Сол себепті сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесі өте өзекті болып тұр. Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырамын, – деді Президент.

Үкіметтің және әкімдердің қызметі өз халқымызға да, сыртқы әлемге де ашық әрі түсінікті болуы керек.

Ақпараттық жұмыс уақтылы әрі сапалы жүргізілген жағдайда көптеген мәселені, соның ішінде қоғамда дүрбелең тудырған түйткілдерді ушықтырмай шешуге болатын еді. Сондықтан мұқият ойластырылған қоғамдық коммуникация стратегиясы қажет. Үкіметтің және әкімдердің қызметі өз халқымызға да, сыртқы әлемге де ашық әрі түсінікті болуы керек. Бірінші басшылар азаматтарды жеке қабылдауға тиіс. Бұл – өте маңызды. Әсіресе, аймақ, қала, аудан басшылары халықпен тікелей байланыста жұмыс істеуі қажет. Дегенмен мемлекет пен қоғамның серіктестігі азаматтарға да зор жауапкершілік жүктейді. Соңғы кезде заң үстемдігіне және қоғамдық тәртіптің сақталуына басымдық беру қажеттігі дамыған елдерде, тіпті, АҚШ-тың өзінде жиі айтыла бастады. Біз мұндай пайымға әлдеқашан келгенбіз, –   деді Мемлекет басшысы.

Президент жиында  «заң мен тәртіп» қағидасы халықтың санасына терең орнығуға тиіс екенін атап өтіп, айыппұлдарға қатысты мәселеге де түсінік берді. Ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде Қазақстанды «штрафстан» деп атап жүргендерге жауап берді.

Шектеулер мен айыппұлдарға қатысты мемлекеттің де, қоғам белсенділерінің де ұстанымы көңілге қонымды болуға тиіс. Мәжбүрлеу шаралары болмаса, тәртіп орнату мүмкін емес екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан мемлекеттің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қараған жөн. Бұл орайда диалог арқылы қоғамдық келісімге келу керек. Қалай десек те, мемлекет заң тәртібін қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шаралар өз елін күстәналауға себеп болмауға тиіс. Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден «керемет жетістіктерді, табыстарды» тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе, – деді Президент.

«Саурандағы сайқымазақ сайлау»: Көзбояушылыққа толы саяси дода, елді шулату кімге керек?
Қызтекелерге мәжілісмендерден жалынды сәлем!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу