Шымкентте судьяға қатысты тергеу амалдары аяқталды

Oinet.kz 12-12-2024 66

 210527134202667a3793283i.jpg

Шымкент қ. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Антикор хабарлады.

-- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Мәселен, Агенттік Шымкент қ. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады. Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда. Бас прокуратура ағымдағы жылы 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады,-делінген аталған құзырлы орган таратқан ресми мәліметті.


"Көпбаевтың көп нәрседен хабары жоқ"
Перизат Қайраттың мүліктері бұғатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу