Шымкент әкімдігі әріптестік жобаны 2,1 миллиард теңгеге асыра бағалаған--Антикор

Oinet.kz 26-03-2024 500

2020_03_20_crop-7_5_372x496_image-20-03-20-12-48.jpeg 

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының құны 2,1 млрд. теңгеге төмендеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Дәурен Ерғарин фейсбуктегі парақшасында жария етті.

-Бюджет қаражатын мақсатсыз игерудің алдын алуға бағытталған белсенді жұмыс жалғасуда. Шымкент қаласында жедел медициналық көмекті жаңғыртуға 2019 жылы жергілікті бюджеттен 9,6 млрд теңге бөлінгені белгілі. Аяқталған сотқа дейінгі іс жүргізу аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының құны асыра бағаланғаны анықталды. Осыған байланысты, департаменттің ұсынымы бойынша әкімдіктің бейінді басқармасы сотқа тиісті талап қоюға бастамашылық жасап, ағымдағы жылдың 14 наурызында жобаның құнын 2,1 млрд теңгеге төмендету жағына өзгертілді.  Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда,-деп жазған Ерғарин.

2019 жылы Шымкенттің денсаулық сақтау саласына кімдер  жетекшілік етіп еді? Жобаны 2,1 миллиард теңгеге асыра бағалап жіберетіндей шенеуніктер тым сауатсыз емес шығар. Шамасы, бұл осы жобаның о жақ, бұл жағында жүрген әлдебіреулердің  алатын үлесі болса керек.


Көкірекбаевтың соты неге созылып кетті?
Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу