Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды
Астана қаласының әкімі, вице-премьер қызметін атқарған Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған мәліметте.
Осы қызметті бұған дейін атқарған Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.