Көкірекбаевтың соты неге созылып кетті?

Oinet.kz 26-03-2024 375

 photo_44572.jpg

Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаевтың соты әлі жалғасып жатыр.  Экс-әкімнің ісі сотқа былтыр шілдеде түскен болатын. Содан бері міне, сегіз ай өтсе де әлі үкім шыққан жоқ. Бұл нені білдіреді?

 Бұл Көкірекбаев пен оның сыбайластырының тағылған айыппен келіспейтінін, кінәсін мойындамай отырғанын білдіреді. Егер тағылған айыптаулармен келісіп, дәлелдемелермен дауласпаса, Көкірекбаев әлдеқашан айыппұл арқалап, бостандыққа шығып кетер еді. Бұл біздің тек бергі жақта болжамамыз.  Арғы жақта не болып жатқаны үкімнен кейін белгілі болады. Дегенмен қазіргі уақытта Көкірекбаевтың сотына қатысты не белгілі?

Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымын 2013-2018 жылда аралығында атқарды. Бұдан кейін Қазақстанның Қырғызстандағы  елшісі болды. 2019 жылдың тамызында         "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің төрағасы  болып тағайындалды.

2022 жылдың желтоқсанында ақпарат құралдарында Кәрім Көкірекбаевты антикордың  "аса ірі көлемде пара алды» деген күдікпен ұстағаны хабарланды. Параның көлемін 800 мың доллар екендігі айтылды. Көкірекбаевтың параны не үшін, қандай жағдайда алғаны белгісіз.

«Сот кабинетінде» жарияланған мәліметтерге қарағанда Көкірекбаевтің ісі сотқа Қылмыстық кодекстің 366-бабымен, дәлірегі «ірі мөлшерде пара алды» және пара алуды «қылмыстық топпен жасады» деген айыптармен түскен. Оның қасындағы екі сыбайласының біріне «ірі мөлшерде пара берді» және «алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтірді» деген айыптар тағылған.

Егер Көкірекбаев кінәлі деп танылса, оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

 


Қошанов: «Біздің ел бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда»
Шымкент әкімдігі әріптестік жобаны 2,1 миллиард теңгеге асыра бағалаған--Антикор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу