Назарбаев пен Лукашенко не туралы сөйлесті?
Беларусь президенті Александр Лукашенко мен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлескен. Бұл туралы ulysmedia.kz порталы хабарлады.
Беларусь президентінің баспасөз қызметі Лукашенко мен Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасын талқылағанын мәлімдеді.
"Халықаралық жағдайды, аймақтағы оқиғаларды және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынасын талқылады", – делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, Лукашенконың Ресей басшысымен сөйлескені хабарланды.