Шөкеевтің шамасы жетпеген Хасанов еді

Oinet.kz 02-03-2023 817

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына түсіп, елдің сенімін арқаласақ деген кандидаттарды тіркеу аяқталып,  сайлауалды үгіт-насихат шаралары қызу жүріп жатыр. Бұл сайлау алдыңғы сайлаулардан өзгешелеу өтіп жатыр десек те бәрібір сол баяғы лас әдіс-тәсілдер мен  жаттанды сценарийлер қайталануда. Тіпті кейбіреулер құзырлы органдардың алдын ала ескертуіне қарамастан үміткердің ар-намысына тиетін ақпараттарды оңды-солды жариялауға, түрлі интригаларға баруға көшті. Бұл сайлау біраз адамның бет пердесін шешетін сияқты.

Screenshot_8.jpg

Бақталас пен тақталастың көкесі Түркістан облыстық мәслихатына Сайрам ауданындағы №9 округте болып жатыр. Себебі бұл округтан өңшең Қарабұлақтан шыққан қалталылар бақ сынап жатыр. Бақтың кімнің басына барып қонатынын алдын ала айту қиын.  Жеті кандидаттың біреуі жұмыссыз, біреуінің «подставной» екендігі анық. Қалған бесеуінің бәрі бизнесмен. Олардың арасында Бунеджан Әбдіқахарұлы Хасанов та  бар.  Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда, Бунеджан мырза Қарабұлақтағы атақты мал базардың қожайыны Абдукахар Хасановтың ұлы. Ал Абдукахар Хасанов – Сайрам ауданының Құрметті азаматы, Президент сыйлығының иегері. Кезінде мәслихат депутаты болған ол осы ауылдың көркейіп, гүлденуіне көп үлес қосқан. Ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға қарағанда, жол да салған, мектеп те тұрғызған. Қайбір жылы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев талапқа сай келмеген үшін Қарабұлақтағы мал базарын жауып тастамақ болған көрінеді. Алайда Абдукахар Хасановқа сол жолы Шөкеевтің де шамасы жетпеген көрінеді.

Шөкеев түк істей алмаған Хасановтарға қарсыластарының қауқары жетер ме екен? Күтіп көрейік.

"Рейтинг" газеті, ақпан, 2023 ж

Кандидаттардың кәриесі – Шералы Қаныбеков
Шымкенттің мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу