Кандидаттардың кәриесі – Шералы Қаныбеков

Oinet.kz 02-03-2023 727

Мәжіліс пен мәслихат сайлауына түсіп, елдің сенімін арқаласақ деген кандидаттарды тіркеу аяқталып,  сайлауалды үгіт-насихат шаралары қызу жүріп жатыр. 

Screenshot_7.jpg

19 наурыздағы сайлауда  жеке мандат бойынша Түркістан облыстық мәслихатына  23 депутат сайланады. Облыс бойынша 23-інші депутат Мақтаарал ауданындағы №23 округтан сайлануы тиіс.  Бұл округтан қазіргі уақытта 4 кандидат тіркелген. Солардың алғашқысы “Мақтаарал ауыз су жүйелері» ЖШС-ының басшысы Шералы Қаныбеков. 

Ол бұған дейін облыстық мәслихаттың бірнеше шақырылымына депутат болған. Қаныбеков осы жолы облыстық мәслихатқа тіркелген кандидаттардың кәриесі саналады. Оның жасы биыл жетпіске толып отыр. Жетпіс жасында жиырмадағы желкілдеген жастармен бәсекелесіп, сайлауға түскен Қаныбеков расында да жүрек жұтқан азамат екен.  Естеріңізде болса, 2016 жылы дау-дамаймен, жұрт күтпеген тосын оқиғалармен өткен облыстық мәслихат сайлауының түңлігі түрілмей жатып, дәлірегі үгіт-насихат шараларының басталуын күтпестен  сайлауға  Мақтаарал ауданындағы №27 Атакент сайлау округінен ат қосқан, «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған үміткер Шералы Қаныбековтің үш жерде ас беріп, ақсақалдардың өзін қолдап дауыс беретіні жөнінде уәделері мен ризашылығын алғандығы туралы ақпаратты облыстық сайлау комиссиясы таратқан болатын. 

Қаныбековтің кандидатурасын алып тастауы мүмкін екендігі де айтылған. Алайда «Нұр Отанның» үміт артқан кандидатына тиіспейік деді ме, әлде ақсақалдардың берген батасын бұзбайық деді ме, әйтеуір Қаныбеков додадан сол жолы шеттетілмей, аман-есен депутат болып кеткен еді.  Бұл жолы Қаныбеков сайлауға кімнің батасымен түсіп жатыр екен, ә? 

"Рейтинг" газеті, ақпан, 2023 ж

Ағасы Мәжіліске, інісі мәслихатқа. Сайлау қызықтары
Шөкеевтің шамасы жетпеген Хасанов еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу