Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі қамауға алынды

Oinet.kz 13-02-2023 772

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев қамауға алынды. Ол қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Screenshot_1.jpg

Ақтөбе мамандандырылған сотының 10 ақпандағы қаулысына сәйкес, Ермек Имантаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Оған ҚР ҚК 361 - бабының 4-бөлігінде көзделген, яғни “Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану” қылмысын жасады деген айып тағылды.

Алайда, қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Ермек Имантаев 2002 жылғы сәуірден 2004 жылғы шілдеге дейін Ақтөбе облысының әкімі, одан кейін-ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.

2019 жылғы қарашадан 2021 жылғы наурызға дейін "Ақтөбе "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы"АҚ басқарды.

Түркия мен Сирияда жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты
Марат Бекетаев премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу