Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Үкімет мүшелерімен кездесу өткізген Владимир Путин:«Украина мен Еуроодақ Ресей мемлекетіне қатер тудырып отыр. Біздің еліміз Украинадағы дағдарысты жақсылықпен шешуді ұсынып келеді, бірақ бұл әрекеттеріміз ескерусіз қалды. Брюссель Ресейдің ымыраға келу ұсыныстарынан бас тартты. Енді Еуропа Ресейден ешқандай жақсылық күтпесін» деп мәлімдеме жасады.
Ресей президентінің бұл ультиматумы Кремль Украинаның оңтүстік-шығысына әскер енгізіуі мүмкін деген қауіпті күшейте түсті. Әлемдік ақпарат құралдары Донецк облысының Мариуполь қаласының маңындағы Широкино қыстағында атыс пен әскери қақтығыстың күшейгенін хабарлап жатыр. ОБСЕ бақылаушыларының баяндамасына қарағанда, ақпан айының ортасынан бері мұндай қарқында атыстар болмаған. ОБСЕ-нің пилотсыз басқарылатын ұшақтары Широкино деревнясының маңында танктердің кебейгенін байқаған.
«Еуропа халықтық партиясының» депутаттары «Путин Кремльде отырған кезде Еуропа мен Ресейдің арасындағы қарым-қатынас оңа қоймайды. Ресей жуырда Балтық елдерін басып алады, бейбіт өмірді қаласаң, соғысқа әзірлен» деп ұрандатып жатыр.
Еуропарламентке Румыниядан сайланған депутат Кристиан Дан Предтің айтуынша, көпшілік румындар Путин Приднестровьені аннексиялайды, ол өз мақсатына жетпей тоқтамайды деп есептейді екен. Еуропарламенттің депутаттары: «Орыс қоғамына қысым көрсетудің тиімді жолы – орыс халқына дамудың басқа жолы бар екенін көрсету, егер біз Украинада жеңіске жетіп, оны еуропалық құндылықтар мен еуропалық даму жолына түсіре алсақ, біз Ресейді де жеңеміз, егер жеңіске жете алмасақ, бірін жоғалтамыз» деп отыр.
Сарапшылар Еуропа мен Украинаның арсындағы қатынасқа сызат түскенін айтады. Еуропа елдерінің Киевке деген, дәлірегі уәде етілген реформалар жүргізіледі деген сенімі сөне бастады. Ал, Киевте Еуроодақ көмектеседі деген сенім сетіней бастады.
Петр Порошенконың «2016 жылдан бастап украиндықтар Еуропа елдеріне визасыз баратын болады» деген уәдесі орындалатын емес. Еуропа елдері «Украина өз шекараларын толық бақылай алмай отыр, бұл жағдайда визасыз барып-келу тәртібін енгізу мүмкін емес» деген уәж айтуда. Иә, әзірге визасыз қарым-қатынастың ауылы алыс, көптеген елдердің парламенттері әлі ассоциативтік келісімді де ратификациялаған жоқ.
Украина президенті жуырда Парижге жасаған сапары кезінде Украинаның НАТО әскери-саяси блогына мүше болып кіруі немесе кірмеуі жайлы референдум өткізетінін мәлімдеді. Ал Еуродақтың басшылары ресми Киевтің Мәскеудің басты ұсынысына, яғни елдің саяси құрылымын федеративтік негізде қайта құру қажеттігі жайлы ұсынысына көнгенін қалап отыр. Егер Украина бұл ұсынысты қабылдамайтын болса, бүгінгі дағдарыс жалғаса бермек, тіпті ол кең масштабтағы соғысқа да айналуы мүмкін. Украинаның қайта унитарлық мемлекетке айналуына қазір Еуропа да, сайып келгенде Киевтің өзі де сенбей отыр. Сарапшылар Киевтің Ресеймен ымыраға келуі үшін Вашингтоннның рұқсаты керек дегенді айтады. Ал Вашингтон Еуразиялық гесаясаттың көзірі болып табылатын Украинаны қолынан шығарғысы жоқ.
Мұрағаттан, 2015 ж