«Өтірігі шықты» Киевте жүрмін деген Қадыров Грозныйда отыр екен (видео)
OINET.KZ - Өткен аптада Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Украинадағы соғыс аймағында жүрген видеосы желіде жарияланды. Видеоны “Грозный” мен RT телеарнасы 13 наурызда таратқан.
Дегенмен бұл видео жалған болып шықты. Себебі кеше РФ Президенті Владимир Путин жиын өткізді. Жиын барысында Рамзан Қадыров баяндама жасады. Видеодан көргеніміздей, Қадыров Шешенстандағы резиденциясында отырып Путинге есеп береді.
«Біз экономикалық санкциялардан қорықпаймыз. Біз дұрыс жолда келе жатырмыз және мемлекетіміздің экономикалық және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Украинада, сондай-ақ Кавказда бейбітшілік орнататын боламыз», - деді Қадыров өңірлерді әлеуметтік-экономикалық қолдау шараларына арналған кеңесте.
Видео мына сілтемеде