30 жылда екі миллионға ғана көбейдік

Oinet.kz 05-08-2021 1773

Қазақстанда осы аптада 19 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында. 

Screenshot_12.jpg

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, Қазақстан халқының саны жағынан әлемде елдерінің ішінде 64-інші орын алады (жер көлемі жағына 9 орын алатынымыз белгілі). Осыдан отыз жыл бұрын, Тәуелсіздік алған  1991 жылы ел тұрғындарының саны 17 миллионға жуық болған. 1994 жылдан бастап халықтың саны күрт азайды. Бұл құлдырау 2002 жылға дейін созылған. Осы жылдары Қазақстан халқы 14 миллионға дейін кеміді. Әрине, бұл азаю славян тілдес халықтардың тарихи отандарына көшіп кетуімен де байланысты. Бірақ Тәуелсіздік жылдары атажұртына алыс-жақын шет елдерден миллионнан астам қандастарымыздың көшіп келгенін де ескеру керек.  

Осы отыз жыл ішінде Орталық Азия елдерінде халқының саны баяу өскен ел Қазақстан екен. Салыстырып көрейік, 1991 жылы Өзбекстан халқының саны 20 миллионнан астам болған. Өзбекстан статистика комитетінің мәліметі бойынша 2020 жылы елдегі халық саны 34 миллионнан асқан. Яғни, тәуелсіздік жылдары өзбектер кемінде 70 пайызға өскен. Орталық Азия елдері ішінде демографиялық өсімі ең жоғары ел Тәжікстан. 2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бұл елдің халық саны 9,5 миллионды құраған. Сарапшылардың айтуынша, отыз жыл ішінде тәжіктер 80 пайызға көбейген. 

Тәуелсіздік жылдары Қырғызстанның халқы 4 миллионнан 6 миллионға, Түркіменстанның халқы 3 миллионан 5 миллионға өскен. 

Әлемдегі ең күшті мемлекет кім?
Қарашүкеевтің қарымы қыста белгілі болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу