Әлемдегі ең күшті мемлекет кім?

Oinet.kz 09-08-2021 2013

2021 жылғы рейтинг бойынша әлемдегі ең күшті мемлекет-АҚШ. Әскери күш-қуаты жағынан. 

Screenshot_5.jpg

Global Firepower сайты әлемдегі армиялардың рейтингісін соңғы 15 жылдың көлемінде шығарып келеді. Рейтингте 138 ел қамтылған. Кім мықтыны анықтау үшін сарапшылар мемлекеттерге 50 көрсеткіш бойынша баға береді. Бұл көрсеткіштердің ішіне армияны ұстап тұруға бөлінетін қаржыдан бастап елдің географиялық орналасуына дейінгі критерилер кіреді.    

Әскерінің қуаты жағынан екінші орынды Ресей, үшінші орынды Қытай алады. Үздік ондықта сондай-ақ, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Бразилия және Пәкістан бар.

Рейтингте Беларусь -50, Өзбекстан-51, Қазақстан-62 орында тұр. Бізден кейінгі орындарда Әзірбайжан (64), Түркіменстан (86), Қырғызстан (93), Армения (100), ал ең соңғы  138- орынды Бутан иеленген. 

Сарапшылардың берген бағасы бойынша екінші, үшінші орындарда тұрғанымен Ресей мен Қытай армиясының  АҚШ әскерінен көп артықшылығы бар. Мәселен, Ресей армиясының құрамында ауыр және жеңіл техникалардың саны көп. Бір ғана танктердің саны 13 мыңды құрайды. Танктердің саны бойынша екінші орынды Солтүстік Корея, осыдан кейін барып АҚШ иеленеді. Ал Қытай армияны қаржыландыру жағынан АҚШ-тан кейінгі екінші орынды, ал жаяу әскерінің саны жағынан бірінші орында алады. 

Амангелді Сейітханның үйлену тойынан фото тарады
30 жылда екі миллионға ғана көбейдік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу