Ислам Әбішев бостандыққа шықты

Oinet.kz 03-06-2021 1912

Мемлекет қайраткері Ислам Әбішев бостандыққа шықты. Бұл туралы танымал журналист Cәуле Әбілдаханқызы Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Журналист қойнына сыймаған қуанышын жасыра алмай:

- Ура! Сүйінші! Ислам Әбішев бостандықта! - деп елден сүйінші сұрады.

Еске сала кетейік, Ислам Әбішев Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті басшысы болып жүргенде "пара алуға оқталды" деген күдікпен қызметінен босатылып қамалған болатын. Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары Ислам Әбішевке қарсы саяси ойын болғанын, мүдделер құрбаны болғанын жазды. Себебі ол бос шығынға жол бермей, көптеген "фигураларды" тендерден (мемлекеттік тапсырыстан - автор) қақты. 

Су ресурстары комитетінің төрағасы ретінде И.Әбішев көрші елдермен арадағы ағын су мәселесінің шешілуіне, тасқыннын алдын алатын әрі резерв рөлін атқаратын Көксарай су реттегішінің салынуына үлкен үлес қосып қана қойған жоқ, 2013, 2018 жылдары 1,3 трлн теңгеге жуық қаржының артық жобаланғанын дәлелдеп, бос шығынға жол бермеді.

Махажанов мойын бұрмаған мәселені Рысбеков шеше ала ма?
Өмірзақ Шөкеев: Тәртіп орнатпай, тынбаймын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу