Түркістанда пәтерді 1 айға жалдау бағасы 500 мың теңгеге шарықтаған (фото)

Oinet.kz 26-05-2021 2839

OINET.KZ - Түркістан қаласының облыс орталығына айналғанына шамамен 3 жылдай болып қалды. Осы уақыт ішінде қалада құрылыс жұмыстары қызу жүріп, көптеген нысандар бой көтерді. Аз мерзімді Түркістан - республикадағы ең көрікті қалалардың біріне айналып үлгерді. Нәтижесінде қалаға келушілер саны артып, сервистік бағалар да шарықтады. Қазір Түркістанды бұрын еліміздегі ең арзан қалалардың бірі болды десе сенбейсіз. Себебі қалада тұрғын үйлер, оларды жалдау бағасы қатты шарықтап кетті. 

Screenshot_1.jpg

Krisha.kz хабарландыру сайтына кіріп көрсеңіз, Түркістанда 1-3 бөлмелі жаңа пәтерлерді 1 айға жалдау бағасы кемі 100 мың теңгедеген басталатын көруге болады. 2 бөлмелі пәтерлер орта есеппен 120-150 мың теңгенің айналасында. Ал 3 бөлмелі пәтерлер 200 мың теңгенің үстінде тұрады. Ең қызығы, 2020 жылы кірпіштен салынған 3 бөлмелі пәтер бағасын үй иесі 500 теңге деп белгілепті. Пәтер аумағы - 72 шаршы метрді құрайды. Еурожөдеуден өткен. Санузел бөлек орналасқан. 

"Шнос ЖКСырдарияда барлық жағдаймен 3 бөлмелі пәтер жалға беріледі. Қонақ бөлмесі, жатын бөлме, ас үй, жуынатын бөлме барлығы жақсы жағдайда. Ыдыстар, төсеніштер барлығы жаңа. Мектеп, балабақша, магазин үйге жақын жерде орналасқан. Тыныш аудан" - деп жазған үй иесі хабарландыруда.

Жалпы соңғы жылдарды Түркістанға келетін туристер, мемлекеттік қызметкер саны артуына байланысты баға шарықтап барады. Баға еркін ағыста. Оны қадағалап жатқан ешкім жоқ. 

Қазақстан Президенті Димашты туған күнімен арнайы құттықтады
«Халықты қанап бітті» Танымал заңгер премьер-министрді қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу