Сағынтаев университет ректорларының былық-шылықтарын әшкереледі

Oinet.kz 12-05-2021 1930

OINET.KZ - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясының отырысында Университет ректорларының жасырын әрекеттерін әшкереледі.

Screenshot_3.jpg

Мегаполис әкімі қалада коронавирусты әрмен қарай өршітпеу үшін қала тұрғындарының вакцина алуының маңыздылығына тоқталды. Бірақ түсіндірме жұмыстарының кемшін тартып жатқанына байланысты тұрғындар вакцина алуға аса құлық танытпай отыр. Осы себепті де бұған қаладағы бизнес иелері өзгелерге үлгі болып, өздері бірінші болып вакцина алу керек. Қала әкімі сол кезде ғана басқа тұрғындар вакцина алуды жеделдетеді деп есептейді.

Бір айта кетерлігі, қалада коронавирус індетінің өршуіне университет ректорлары үлес қосып жатқан көрінеді.

- Елімізде коронавирустың  британдық, оңтүстік африкалық штамдары бар. Құдай сақтасын, бірақ жақын арада үндістандық штаммның келу қаупі бар. Жақында ғана Үндістаннан студенттер алып келу мәселесі көтерілді. Жоспарлы түрде білім алушыларды шекарадан өткізбек болды. Университет ректорлары ақша табамыз деп, үнді штаммдарының келуі туралы мүлдем ескерместен, Үндістаннан студенттер шақырып жатыр. Олар мұны жасырын түрде жасағысы келді, - дейді Сағынтаев. 

Елбасы Түркістанға келді (фото)
Судья Жолманова өзіне «тапсырыс бергендердің» атын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу