Елбасы Түркістанға келді (фото)

Oinet.kz 11-05-2021 1843

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістан қаласына келді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында жазды.

210511175458970e.jpg

Елбасы сапар барысында "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан этноауылға барды. Жаңа нысан 18 ғасырдан көрініс беретін кешен Ахмет Ясауи кесенесінің жанында орналасқан. Этноауыл қазақ даласының XVIII-XIX ғасырдағы өмірін бейнелейтін жоба саналады. «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағы мен Ахмет Ясауи кесенесінің бекініс қабырғасы, этнографиялық мұражайдың ортасында орын тепкен. Интерактивті этно-ауылдың ауданы 16 мың шаршы метрді құрайды. Кесенеге келушілер қазақ халқының бай мәдениетімен танысып, тіпті көне заттарды қолдарымен ұстай алады. Көшпеділер өркениетінен көрініс беретін этноауылдың аймағында қазақ даласындағы тұтас бір дәуір бейнеленген.

2105111827086864g.jpg

2105111813013827g.jpg

Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақ хандығына арналған мемориалдық кешеннің ашылу рәсіміне де қатысты. Кешенде иілген 21 қанатты көруге болады. Бұл Түркістанда жерленген 21 ханды білдіреді. Есім ханнан Әликен ханға дейінгі бабаларымыздың есімдері мен басқарған жылдары да жазылған. Сондай-ақ, Елбасы «Ұлы дала бірлігі» атты капсуланы салды. Оның ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі қасиетті жерлердің топырағы жиналған.

Тауық сатып жүрген қарияға аудан әкімдігі бір пакет азық-түлік берді
Сағынтаев университет ректорларының былық-шылықтарын әшкереледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу