Шыңғыс Мұқан: Шымкент Нұр-Сұлтан мен Алматыны қуып жетеді және оларды басып озады

Oinet.kz 31-03-2021 1828

Үшінші мегаполис әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Шымкент қаласы Нұр-Сұлтан мен Алматыны басып озатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

7300c754b41e68ffc7d03701041b89f5.jpg

 Хрущевтің «Американы қуып жету және оны басып озу!» деген ұранын оқулықтардан оқыған боларсыз. 

Бұл ұранды Корея да ұстанған көрінеді: “Жапонияны қуып жету және оны басып озу!” “Догнать и перегнать Японию!”.

Бұл ұстаным Шымкенттің ұранына да айналған ба дерсіз... “Нұр-Сұлтан мен Алматыны қуып жету және оларды басып озу”.

Бас қалалардың арасындағы байсалды бәсекелестік ел игілігіне қызмет етері сөзсіз.

Астана болған қалаларда жасалатын, бірақ Шымкентте жасалмайтын ота түрлері баршылық. Солардың бірі және сұранысқа иесі - жаңа әдістермен эндопротездеу. 

Жас ұлғайғанда жамбас немесе тізе буынында дегенеративті өзгеріс болады. Ата-әжелеріміз ақсаңдап, таяққа сүйеніп қалатыны содан. Соңында тіпті жүре де алмай қалады. Дәрі-дәрмек көмектеспейді, тек қана буынын ауыстыру қажет. Титаннан жасалған материалды сүйекке бекітіп ота жасаған соң адам бір айдан кейін қайта жүріп кетеді. 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы бас дәрігерлерге бізде жоқ ота түрлерін игеруді тапсырған болатын. 

Германияның Гиссен және Марбург университеттік клиникасының проректоры, профессор R. Schnettler пен Ресейдің атақты травматолог-ортопеді, медицина ғылымдарының кандидаты Д.В. Римашевский Шымкент қаласында алғаш рет "Эндопротез және остеосинтездердің өзекті мәселелері" атты ғылыми-практикалық семинар өтеді, біздің оташыларды үйретеді.            

Эндопротездеудің құны 1 200 000 тг тұрады. Мемлекеттің қамқорлығы сол, бұл ота халыққа тегін жасалады. 

Бұрын мұндай операция тек қана Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ғана жасалатын. 

Қазақтың аяулы ақыны Ханбибі Есенқарақызы екі жыл бұрын Алматыда буынын ауыстырып келгенін білемін. 

Енді бұл операция өзімізде жасалатын болады.

Шымкентте біраз салаларда өзгеріс болып жатыр. Постарымда жазып та отырмын. Бірақ өзгеріс оңай болып жатқан жоқ. Өзгеріс менеджментінің бір гуруы өзгерісті әуеге көтерілген ұшаққа теңегені бар. Оған бұлттар әсер етіп, турбуленттік болатынындай, өзгерістер өз биігінен көрінгенше сілкініс жалғасады. Кейде ұшақ моторына қиқулап ұшқан жыл құстары кіріп кетеді. 

Бірақ өзгеріс болады. Оны ешкім тоқтатпақ емес. Шымкент Нұр-Сұлтан мен Алматыны қуып жетеді және оларды басып озады, - деп жазды Шыңғыс Мұқан.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкент қаласында өткен Наурыз мерекесін тойлауға бюджеттен бөлінген қаржыға байланысты дау туған болатын. Шыңғыс Мұқан осы шуға байланысты түсінік берген еді.


Сапарбаев Сарысудың әкіміне неге шүйлікті?
Сапарбаев тағы сырттан кадр шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу