Қарақалпақтардың соры қайнағалы тұр

Oinet.kz 12-03-2021 3455

3 наурызда Қарақалпақстанның Ходжейли қаласында мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына қарсы қарсылық акицясы өтті. 

Screenshot_3.jpg

Нақтырақ айтқанда қарақалпақтар Өзбекстан билігінің ауыл шаруашылығындағы кластерлік жүйеге қатысты саясатына наразы. Себебі мемлекет осы саясаттың арқасында  өзбек азаматтарын көптеп тартып, нәтижесінде Қарақалпақстанды толығымен өзбектендірмек көрінеді. Наразы топ  Өзбекстанның облыстарынан Қарақалпақстанға өзбектерді қоныс аударуды тоқатуды және төлқұжатқа азаматтың ұлты туралы графаны қайта енгізуді талап еткен. 

2019 жылдың қаңтарында Өзбекстан билігі фермерлерге жалға берілген жерлерді мемлекетке қайтарып алып, оны мақта-тоқыма кластерін жүргізіп жатқан компанияларға беру туралы шешім қабылдаған. Осы шешімнің негізінде жергілікті шаруалар жерлерінен айырылған. Ал жекеменшік компаниялар Қарақалпақстанға Өзбекстаннан жаппай өзбек ұлтының өкілдерін әкеле бастаған. 

3 наурызда Қарақалпақстанға Өзбекстан президенті мемлеттік кеңесшісінің бірінші орынбасары Б.Исламов келіп, шаруалардың талап-тілегін тыңдауы тиіс еді. Алайда шаруалар онымен кездесе алмаған.  Есесіне Нүкісте, Ходжейлиде, Шымбайда, Тахияташта наразылықты ұйымдастырып жүрген белсенділерді тұтқындау шаралары жүргізілген. Қарақалпақтар Өзбекстаннан бөлініп, өз алдына дербес ел болуды да көтеріп отыр. Ондай белсенділерді әлдебіреулеп ұрлап әкеткен немесе ұрып тастаған. 

Қыңыр кісі бір жақ... Почиваловты елден шығарып жіберу керек
Рахмон тақты тапсырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу