Жанболат Мамай елді қайда бастап бара жатыр?

Oinet.kz 19-11-2020 1995

OINET.KZ хабарлайды - Сайлау қарсаңында ұстаздардың әлеуметтік желідегі парақшаларына монитринг жүргізілетін болды. Бұл жоғарыдан келген тапсырма ма әлде «шаш ал десе, бас алатын» жергілікті жердегі шолақ белсенділердің әрекеті ме, кім білсін. Бірақ кейбір өңірлерде мектеп директорлары осы жөніндегі тиісті нұсқауды қағаз жүзінде алып үлгерген. Шамасы билік саяси науқан кезінде ұстаздардың көңіл-күйлерін бақылауда ұстауға кіріскен сияқты. 

Жанболат Мамай.jpg

Жуырда  белгілі саясаткер, өткен сенбіде Алматыда митинг өткізіп, елді бір шулатқан Жанболат Мамай әлеуметік желідегі парақшасында директорларға жоғарыдағы басшыларынан келген бір хатты жариялады. Хатқа Жылыой аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Таңатарова қол қойған. Онда соңғы уақытта ұстаздардың Жанболат Мамайдың посттарына «ұнату» белгісін қоятыны, осыған байланысты директорларға мұғалімдердің аккаунттарына мониторинг жүргізіп, оны әр айдың жұмасында әдістемілік кабинетке әкеліп тапсыру сұралған. Биліктің енді осындай  әдістемеге көшкен тәрізді.    

- Қазақстанды Борат әжуалады деп билік жатып кеп ренжиді. Шындығында сол Борат қазақ халқын емес, биліктің басында отырған режимді мазақ еткені бәрімізге айқын.

Ал енді төмендегідей бұйрық шығаратын биліктің сол Боратқа ренжитін жөні бар ма? Солтүстік Корея мен Түркменістаннан қай жеріміз артық? Мына хатты аудандық әкімшіліктің бұйрығының негізінде барлық мектеп директорларына жолдаған. Ондағы мақсаты: ұстаздар Жанболат Мамайдың әлеуметтік желідегі жазбаларына «лайк» баспауы тиіс депті! Бұл хат Атырау облысы, Жылыой ауданынан келіп түсті бізге. Бірақ, білуімізше бұл жалғыз аудандағы шешім емес, бүкіл республика көлемінде қабылданған бұйрық екен. Егер Астанадан келген бұйрық болмаса, сонау Жылыой ауданының әкімшілігі менің әлеуметтік желідегі жазбаларымда не жұмысы бар еді?! Сонда деймін, бұлар 500 мыңға тарта ұстаздарды өздерінің жекеменшігі көріп, кімге «лайк» басуға болады, кімге болмайтынын жоғарыдан шешіп отыр ма?

Алда сайлау келе жатыр. Тағы да ұстаздар мен басқа да бюджет қызметкерлерін өз мүддесіне билік пайдаланбақ. Оларды тапсырманы орындап, дауыс ұрламауға, елді алдамауға шақырамыз! Ертеңіңізді, өз болашағыңызды ойлаңыз, -деген Жанболат Мамай жазбасында. 

Ал сайлау жақындаған сайын Жанболат Мамайдың белсенділігі күшейе түсті. Тіркелмеген Демоакратиялық партияның жетекшісі елді жаппай митингіге шақырып отыр. Қойып отырған басты талаптары несиелік амнистия және  сайлауға байкот жариялау. Жанболат Мамай елдегі нағыз оппозиция саналатын ЖСДП партиясын да қолдамайды. Оның ойынша ЖСДП да қазір биліктің сойылын соғып кеткен. Мамайдың шетелде қашып жүрген Мұхтар Әбіләзовпен де қарым-қатынасының нашар екендігі белгілі. Сонда жалғыз Мамай билікке қарсы майдан аша ала ма? 

Жалпы Жанболат мырза елдің қайда бастап бара жатыр? 

Ел атауын өзгерту ұсынылды
Экс-банкир мен экс-күйеу бала. Екеуі де ұзақ жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу