Коронавирус туралы аудиохабарлама жазған алматылық дәрігер қайтыс болды

Oinet.kz 27-08-2020 1305

Алматыдағы № 4 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Асылханұлы Түсіпханов 49 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

- "Болат Түсіпхановтың кенеттен қайтыс болуы бүкіл медицина қауымдастығы үшін орны толмас қаза. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ұжымы Болат Асылханұлының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген басқарма хабарламасында.

Болат Асылханұлы жоғары санаттағы дәрігер, мамандығы бойынша 25 жыл жұмыс істеген. Әріптестері оны талантты хирург ретінде сипаттайды. Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухананада 2018 жылдан бері жұмыс істеген.

Еске салайық, осыған дейін Желіде алматылық дәрігердің аудиожазбасы тараған болатын. 

- "Менің екі хирургым ауырып қалды, олар науқастармен байланыста болды, сонда жұмыс істеді. Біреуі жансақтау бөлімінде жатып, әрең есін жиды, екіншісі тіптен жатып қалды. Ал бүгін біздің меңгерушіміз ауырып қалды. Ауруханалар науқастарға толы. Жансақтау бөлімінде орын жоқ. Аппараттар жеткіліксіз. Бұл шындық. Тіпті жағдайы орташа ауыр науқастар үйлерінде қалып жатыр. Сізге ешкім дәрі бермейді. Сондықтан тағы да айтамын, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар, абай болыңыздар", - деген еді Болат Түсіпханов аудиожазбада.

Кейінірек бұл аудионы дәрігердің туыстарына жазғаны анықталды.

Жанат Бақыт: «Коронавирус туралы шындықты айтқаным үшін эфирден кеттім»
Қызметкері парамен ұсталған әкім отставкаға кетуге арыз жазды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу