Қызметкері парамен ұсталған әкім отставкаға кетуге арыз жазды

Oinet.kz 05-09-2020 1766

Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев отставкаға кету жөнінде арыз жазды. 

203616_3b49284679bcb89d2d4b82b376fc1a70.jpg

«27 тамызда отставкаға өтініш жаздым», – деп өзі растады ақпаратты шаһар басшысы. Енді Текелі қаласы әкімінің алдағы тағдыры қалай болатынын Алматы облысының әкімі шешеді. Амандық Баталов бір айдың ішінде Президент Әкімшілігінің келісімімен отставканы қабылдайды немесе қабылдамайды. 

Айта кетейік, бұған дейін Текелі қаласының тұрғындары әлеуметтік желіге шығып, әкімдерін жұмыстан шығармауды өтініп сұраған болатын. 

Халықтың сөзінше, Б.Өнербаев Текеліге әкім болып келгелі құрылыс жанданып, баспанасыздар үйлі болып, көшелер жөнделіп, көп жұмыс атқарыла бастаған. 

Естеріңізге сала кетейік, Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы 1,5 млн теңге парамен ұсталып, қылмысы дәлелденген болатын. 1978 жылғы шенеунік енді алған парасын он есе қылып мемлекетке қайтарып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сот оған 15 млн теңге айыппұл салды. Алғашқы еңбек жолын қарапайым күзетші болып бастаған Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы парамен ұсталғанда ағыны күшті суға секіріп, өз өміріне қауіп төндіріп қашқан болатын. Заң бойынша қоластындағы мемлекеттік қызметкер парамен ұсталса, оның басшысы қызметінен кетуі тиіс.

Коронавирус туралы аудиохабарлама жазған алматылық дәрігер қайтыс болды
Алматыда Жанболат Мамай бастаған белсенділер митинг өткізіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу