Алматыда Жанболат Мамай бастаған белсенділер митинг өткізіп жатыр

Oinet.kz 13-09-2020 940

Оңтүстік астанада карантин басталғалы бері алғаш рет рұқсат етілген митинг өтуде. Оған жүзге тарта адам жиналды деп хабарлайды Oinet.kz порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

image.png

Шоқан Уәлиханов атындағы скверге жиналғандар кредиттік амнистия мен шетелдіктерге жерді жалға беруге тыйым салуды талап етуде. Сондай-ақ плакаттарда "саяси тұтқындарды босату туралы" жазбалар бар. 

"Бізге митингке шыққандардың саны мыңнан асып кетсе, қалғандарын үйге жіберіп, жиынды заңсыз деп танитынын бірнеше мәрте ескертті. Уақытқа қатысты шектеу мен басқа да кемшіліктер бар. Митинг туралы жаңа заң бейбіт жиналыстарды өткізуге ешқандай әсер еткен жоқ деп санаймын. Өйткені бәрібір де көп талап қойылады", – деді митингті ұйымдастырушы, тіркелмеген Демократиялық партияның лидері Жанболат Мамай. 

Ол кредиттік амнистия туралы талапты неге популизм деп санамайтынын түсіндірді. 

"Мен ірі банктердің өкілдерімен сөйлесіп, кредитті кешіру мүмкін бе деп сұрадым. Әрине, банктерге бұл тиімсіз. Бірақ, экономикалық тұрғыдан іске асыруға болады. 2008 жылдан бастап бүгінге дейін банктер мемлекеттен 10 триллионнан астам қаржы алды. Бұл ақша қайда? Неге ол ақшаны қайтармайды? Екіншіден, Ұлттық қорда қаражат бар деп айтып жатыр. Президенттің жобаларына екі триллион бөлінеді екен, нақты не үшін екені – жұмбақ. Кредиттік амнистия популизм емес, халық үшін шынайы көмек", – деді Мамай. 

Ол президент әкімшілігінің кеңсесіне кредиттік амнистия талабымен жүз мыңға жуық өтініш пен хат жолданғанын мәлімдеді. Алайда жауап әлі келмеген. 

Бұған дейін Алматы әкімдігі карантин басталғалы алғаш рет митингке рұқсат бергені хабарланған еді. Қатысушылар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Бейбіт жиынды өткізу мерзімі – 11.00-ден 14.00-ге дейін. 

Қызметкері парамен ұсталған әкім отставкаға кетуге арыз жазды
Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі төраға болып сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу