Тоқаев Білім министрлігінің жұмысына күмәнданды

Oinet.kz 10-07-2020 54773

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Білім және ғылым министрлігінің жаңа оқу жылына дайындығына күмән келтірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

"1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Менде министрліктің бұл жағдайға дайын екендігіне күмән бар. Балалар қалай оқиды? Мектепте немесе қашықтықтан? Жаңа оқу жылына мұғалімдердің дайындығы қандай?", - деді ол.

Сонымен қатар, Тоқаев қашықтықтан оқытуға қатысты өз ойын білдірді.

"Қашықтан оқыту әдісіне көшу ісі инфрақұрылым мен интернет сапасына қатысты елеулі мәселелердің бар екенін көрсетті. Мұғалімдердің 20 пайыздан астамы үйлерінде толыққанды интернет пен компьютер жоқ болғандықтан, қашықтан тиімді оқыта алмады", - деді мемлекет басшысы.

Президент осы мәселеге байланысты үкіметке тапсырма берді.

"Үкіметке жыл соңына дейін 250 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл халқымыздың 99,3 пайызын қамтиды", - деді ол. 

Екі аптада ахуал жақсармаса, Асқар Мамин орнын босатады
Тоқаев билікке жаңа кадрлар керектігін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу