Тоқаев билікке жаңа кадрлар керектігін айтты

Oinet.kz 10-07-2020 2214

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында билікке жаңа кадрлар керек екенін мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz порталы. 

Screenshot_2.jpg

"Қазір сапалы жаңа міндеттерді орындау үшін кадрларды іріктеу барынша маңызды міндетке айналады. Жаңа бағдар білімді, табанды, бастамашыл, іскер әрі адал жаңа орындаушыларды көздейді", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев бүгінгі Үкімет отырысына қатысқандар жоғарыда аталған критерийлерге сай келу-келмеуін ойлауы қажеттігін жеткізді. 

"Енді ойланыңыздар: Осы жерде отырған команда аталған критерийлерге сай ма. Үкімет мүшелері, әкімдер өздерінің мүмкіндіктерін парасатты түрде бағалайды деп ойлаймын. Дегенмен, бізде өзін-өзі сынау және мемлекет пайдасы үшін шешім қабылдау қиындау", - деді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Тоқаев Білім министрлігінің жұмысына күмәнданды
Оқушылар күзде мектепке бара ма әлде онлайн оқи ма? Министр жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу