Денсаулық сақтау министрі Біртанов коронавирус жұқтырды
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус дертіне шалдықты. Бұл туралы ол өзінің Телеграм каналында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Достар, өкінішке қарай мен сіздерге жайсыз хабар жеткізуге мәжбүрмін. Менің коронавирусқа тапсырған соңғы тестім оң нәтиже көрсетті. Бұл симтомпсыз емес түрі, сондықтан да мен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылдым.
Санитарлық талаптарды қанша сақтасам да қауіп бәрібір бар", - дейді министр өз каналында.